Екінші Павлодарда өнер орталығы қашан ашылады?
Реконструкциялық жұмыстар мерзімінің ұлғаюына байланысты орталықтың ашылуы кешіктірілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бес жыл ішінде барлық коммуникациялардан ажыратылған бұрынғы теміржол колледжінің ғимараты қаңырап бос тұрған әрі тоналып, қираған. Екінші Павлодар тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын қарағаннан кейін балалар мен жастардың дамуы үшін өнер орталығын ашу идеясы туындаған.
3500 шаршы метр аумақта 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жастар өз қызығушылықтары бойынша үйірме таба алатын кеңістікте хореография және спорт залдары, қыш ыдыстар жасау және өнер шеберханалары, Workshop, дыбыс жазу студиясы, фотостудия, телестудия сияқты үйірмелер ашылады деп күтілуде.
– Балалардың шығармашылық дамуына арналған инновациялық орталықты халықаралық балалар күні мерекесіне орай бірінші маусымда ашуды жоспарлаған едік. Бірақ реконструкциялық жұмыстар мерзімінің ұлғаюына байланысты оны маусым айында ашуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина.
Айта кетейік, реконструкция жұмыстарында үй-жайларды күрделі жөндеу, шатырды және барлық инженерлік инфрақұрылымды ауыстыру көзделген.