Екі павлодарлық оқушы халықаралық университтің грантын ұтып алды
Дарынды қыздар республикалық олимпиадада жеңіске жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Астана қаласында 21-25 қаңтар аралығында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық гуманитарлық бағыты бойынша республикалық олимпиада өтті.
– Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам дарынды ауыл мектептерінің оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, құқық негіздері, ағылшын тілі пәндері бойынша күрделі тапсырмаларды орындап, өз деңгейлері мен дағдыларын көрсете білді,– деді «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында.
Павлодар облысын 22 оқушыдан тұратын команда таныстырды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шарбақты ауданы А.Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Амина Шаймарданова және Ертіс ауданы Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Гүлназ Большикова қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінен үздік нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломымен марапатталды. Олар Астана Халықаралық университетінің білім грантының иегерлері атанды.