Павлодар облысында «Үздік 100 студент» конкурсының өңірлік кезеңі басталды

Павлодар облысында «Үздік 100 студент» конкурсының өңірлік кезеңі басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Соңғы үш жыл ішінде жеңімпаз атанған студенттер мен бітіруші курс түлектеріне қатысуға шектеу қойылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасы колледждерінің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі басталды. 

Іріктеу барысында қатысушыларға бірқатар талаптар қойылады. 

– Үміткер бітіруші курста (3 немесе 4 курс) оқымауы тиіс. Сондай-ақ соңғы үш жылда конкурс жеңімпазы атанған студенттер қайта қатысу құқығынан айырылады, – деді ұйымдастырушылар.

Бағдарламаға Павлодар облысын қоса алғанда, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі колледж студенттері қатыса алады. Үміткерлер алты негізгі бағыт бойынша бағаланады:

  • «Қоғам белсенділері» – еріктілер мен студенттік өзін-өзі басқару мүшелері;
  • «Кәсіби мамандар» – WorldSkills және кәсіби шеберлік байқауларының қатысушылары;
  • «Зияткерлер» – ғылыми жобалар мен олимпиадалардың жүлдегерлері;
  • «Белсенді жастар» – мемлекеттік жастар бағдарламаларына қатысушылар;
  • «Өнерлі студенттер» – шығармашылық ұжым мүшелері;
  • «Инноваторлар» – стартап және инновациялық жоба авторлары.

Өңірлік кезеңге арналған материалдар 19 маусымға дейін қабылданады.