Павлодарлық оқушылар экскурсиялық жобаларын таныстырды

Облыстық байқауға 50-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың мәдени-тарихи мұрасын зерделеу және сақтау, оқушылар арасында тарихи-археологиялық қозғалысты дамыту мақсатында білім беру бөлімінің экология және туризм орталығында «Тарих іздерімен» облыстық экскурсиялық жобалар байқауы өтті.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-11- сыныптарының 45-тен астам оқушысы қатысты, оның 24-і – Павлодар қаласының оқушылары. Жарыс екі номинация бойынша өтті.
– Өлкетану, туризм, археология, өңірдің киелі жерлері тақырыптарында көптеген қызықты жұмыстар болғанын атап өткім келеді. Бірқатар оқушыларға өз жобаларын пысықтау және толықтыру бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берілді, – дейді орталықтың «Өлкетану» бөлімінің меңгерушісі Жұлдыз Машкентаева.
Байқау қорытындысы бойынша облыстың 17 қатысушысы, оның ішінде облыс орталығының алты оқушысы жүлделі орындарды иеленді.