Павлодарда үздік видеорепортаж түсірген оқушы марапатталды
Байқауға қаланың 22 жалпы білім беретін мектебінің 7-8-сыныптың 29 оқушысы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы шеңберінде орталық қалалық кітапханамен бірлесіп, «Кітап - сарқылмас қазына» жобасының үшінші кезеңі өткізілді. Қатысушылар үшінші кезеңнің шарттары бойынша Павлодар Ертіс өңірінің белгілі тұлғалары туралы 3 минуттық бейнерепортаж дайындады.
Тұсаукесер қорытындысы бойынша М. Жүсіп атындағы мектеп оқушысы Баян Садуақасова жазушы, журналист Т. Ибадуллинмен бейнерепортаж жасағаны үшін, № 17 ЖОМ 8-сынып оқушысы Елдос Нүктенов Ж. Қадырұлымен «Темір адам» бейнерепортажы үшін І орынға ие болды. Елдос Нүктенов Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің этнографиялық бөлімінің меңгерушісі Ж. Қадырұлымен «Павлодар экстрим» Қазақстан гиннесінің рекордтар кітабына енгізілген Ертіс өңірінің белгілі тұлғаларының бірі ретінде өзінің бейнерепортажын ұсынды.
№ 36 мектептің 8-сынып оқушысы Анастасия Панфилова А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрының директоры В. В. Аввакумовтан осы саладағы қызметі туралы сұхбат алды.
«Сіз өз ісіңізді абыроймен жасауыңыз керек, ең бастысы, жас маман таңдалған мамандықта қателеспеуі керек. Егер адам өмірдегі орнын дәл анықтаса, онда ол бақытты болады және қоғамға көптеген пайдалы дүние әкеледі», - деп атап өтті Виктор Аввакумов сұхбатында.
Жүлделі орындарға ие болған оқушылар түрлі дәрежелі дипломдармен, қатысушылар – «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарымен марапатталды.