Екібастұз әкімі еңбек ардагерлерін қала күнімен құттықтады
Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аян Бейсекин қала күнінде еңбек ардагерлеріне қонаққа барды.
– Оларды облыс әкімінің атынан құттықтап, облысымыздың игілігі жолындағы көп жылғы еңбегіне ризашылығымды білдірдім. Мұндай кездесулер әрқашан шынайы, даналық пен орынды кеңестерге толы, – деп бөлісті ол.
Әди Әлкебаев бүкіл саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын өркендетуге арнады, мал шаруашылығының маманы болып еңбек етті, агроөнеркәсіптік бірлестіктің төрағасы болды, мемлекеттік қызметтің ардагері болып келеді. Қазірдің өзінде зейнеткерлікке шыққан Әди Әлкебайұлы қаланың қоғамдық өміріне белсене араласуда.
Александра Петровна облыстағы білім беруді, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруді дамытуға зор үлес қосты.
– Ұстазбен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығы, жастарымыз туралы әңгіме өрбіткен едік. Мен Александра Петровнаға зор денсаулық тілеп, әрқашан осындай көңілді және нұрлы болып жүре беруіне ниет білдірдім, – дейді Аян Бейсекин.
Еркен Рахманғұлов еңбек жолын «Екібастұзкөмір» мекемесінде жылжымалы құрамды жөндеу слесарінің шәкірті болып бастады.
– Көмір өнеркәсібінің қалыптасу кезеңі туралы әңгімелестік. Еркен Жүнісұлы кеншілердің бір емес, бірнеше буынына тәлімгер болды. Еңбек ардагеріне көтеріңкі көңіл-күй, зор денсаулық тіледім, – деді қала басшысы.
Екібастұз қаласы 1898 жылы құрылып, 1957 жылдан бастап қала мәртебесіне ие болды. Биыл қалалықтар 67 жылдығын тойлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram