Павлодарда ішкі істер органдары ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Ардагерлер Ішкі істер министрлігінің Алғыс хатын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Республика күнін мерекелеуге байланысты министр Ержан Сәденовтің бұйрығымен Бекболат Абиев, Серік Айғожин, Садриден Балтабаев, Баянсұлу Біржанова, Рамазан Жаналин, Бибігүл Исаева, Адами Ысқақов, Олег Калюжный, Сағатбек Қасенов, Жанқара Мадеев және Анатолий Рубан секілді ардагерлер Ішкі істер министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
– Құрметті ардагерлер, сіздердің өмір жолдарыңыз біз үшін патриотизмнің, адамгершіліктің және парызға адалдықтың ең жоғарғы өлшемі болып қала береді. Сіздер лайықты демалыста бола отырып, департаменттің қоғамдық өміріне қатысуды жалғастырасыздар. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңызбен үлгі көрсете отырып, жас қызметкерлерге тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздер. Осы марапаттарды тапсыра отырып, сіздердің мемлекеттің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз етуде жалғасты көмек көрсететіндеріңізге сенімдімін, – деп полиция ведомство бастығы Василий Скляр ардагерлерді құттықтады.
Айта кетерлігі, аға буын еңбектен қол үзгенімен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.