Екібастұзда Астана күні қалай тойланады?

Екібастұзда Астана күні қалай тойланады?
Фото: gas-kvas.com

Қала тұрғындарын концерттік бағдарлама, сурет көрмелері мен түрлі спорттық шаралар күтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, елорданың 26 жылдығына орай қала бойынша келесі іс-шаралар ұйымдастырылады:

5 шілде:

  • 17:00-де «Астана – бас қала» атты автоквест. Жарыс маршруты «Қазақстан» алаңы – «Өнер» мәдениет үйі – теміржол вокзалы – ауған саябағы – «Шахтер» саябағы – «Қазақстан» алаңы;
  • 17:00-де «Шахтер» стадионында «Екібастұз» футбол командасы мен «Арыс» арасындағы бірінші лига біріншілігі;
  • 19:00-де «Қазақстан» алаңында еріктілер арасында тимбилдинг.

6 шілде:

  • 9:00-де «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің алаңында мектепке дейінгі мекемелер арасында «Бақытты сәби» шығармашылық байқауы, «Саған, менің Астанам» балалар суреттерінің көрмесі;
  • 10:00-де №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтыру ұжымдары арасында волейболдан жолдастық матч, «Жасыбай» БЖСМ-де жүзуден ашық біріншілік, «Қайнар» ББК алаңында ТОШ профильді отрядтарының арасында «Ақ сүйек» ұлттық квест-ойыны;
  • 10:00 – 11:00 аралығында «Өнер» мәдениет сарайының алдында көркемсурет өнерінің көрмесі, балаларды өмірлік өлшемдегі қуыршақ және тегін балмұздақпен құттықтау;
  • 11:00-де «Қазақстан» алаңында «Салауатты отбасы» байқауы;
  • 11:00 – 12:00 аралығында «Өнер» мәдениет сарайының алдында «Менің сүйікті Астанам» атты концерттік бағдарлама, жастар арасында брейкданстан көрнекі өнер көрсету;
  • 12:00-де №1 БЖСМ футбол алаңында дене шынықтыру ұжымдары арасында футболдан чемпионат;
  • 13:00-де «Өнер» мәдениет сарайында асық атудан «Жаса, жайна, Астана» ашық турнирі, армрестлинг және гір спорты бойынша турнир, үстел ойындарынан турнир;
  • 19:00-де «Maxi mall» сауда ойын-сауық орталығында «EKB Music» жастар фестивалі.

8 шілде:

  • 10:00-де «Бильярд плюс» клубында мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет қызметкерлері арасында бильярд бойынша турнир.

Сонымен қатар, 6 шілде күні @crmi_ekb парақшасында жастар арасында инста-викторина және сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін @go_ekibastuz парақшасында тікелей эфирде халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіледі.