Павлодарда жергілікті журналист жазған алғашқы кітаптың тұсауы кесіледі
Кеште туындының әдеби талқылауы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
29 қаңтар күні сағат 15:00-де С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жазушы, журналист Жанасыл Серікболдың 2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп «Қазақстанның жаңа әдеби панорамасы» жобасы аясында жарық көрген алғашқы «Сарсаң» атты кітабының таныстырылымы өтеді.
– «Сарсаң» кітабы Алматы қаласының көркем бейнесі топтастырылған туындылардан тұрады. Кітапта романнан бөлек, новелла, әңгіме, эсселер бар. Кеш барысында өңіріміздің ақын-жазушылары «Сарсаң» романы бойынша әдеби талқылап, Жанасылдың шығармашылық әлеуеті жайында сөз қозғайды, – деді облыстық кітапханада.
Аталған іс-шараға аймағымыздың жазушылары, журналистері, жас ақындар және кітапхана оқырмандары қатысады.