Павлодарлықтарға ұлттық әшекей бұйымдар жасауды үйретеді
Жастар бастамаларын дамыту орталығында қазақ стиліндегі кеш өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
19 ақпанда 17:00-де «Creative Lab» жобасы аясында қазақтың ұлттық әшекейлерін жасау бойынша шеберлік сабақ болады.
– Сондай-ақ, қонақтар үшін ұлттық нақыштағы киімде фотосессия ұйымдастырылады. Қыз-келіншектер қынадан қазақша ою-өрнектер салады, – деді Жастар бастамаларын дамыту орталығында.
Кіру – тегін, алайда орындар саны шектеулі. Шеберлік сабаққа 8 (747) 257-76-24 нөмірі арқылы жазылуға болады.