Екібастұзда автогаз станциясы мен дүкен өртенді

Екібастұзда автогаз станциясы мен дүкен өртенді
Фото: ТЖД

Өрттің жақын тұрған меншік үй секторына көшу қаупі бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 шілде сағат 13:24 шамасында Екібастұз қаласы Қонаев көшесі,5 мекенжайында орналасқан автогаз құю бекеті өртенді. Тілсіз жау станцияның жанында тұрған «Фируза» дүкеніне ауысқан. 

– Өрттің  көрші ғимараттарға, жолдың арғы бетінде  100 м қашықтықта орналасқан  үйлерге өту қаупі бар, –  деді департаментте. 

Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталуда. Қазіргі кезде өртті сөндіру жалғасуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ekibastuz qalasynyń TJB (@ekibastuz.tjb)