Павлодарлық саябақтан әйел адамның денесі табылды

Полиция қызметкерлері өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
16 сәуір күні Усолка шағын ауданындағы шаңғы базасы маңындағы парк аумағында жүргіншілер мәйіт тауып алған.
– Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Басқа ақпарат әзірге жария етілмейді.