Екібастұзда кеніштегі экскаватор өртке оранды

Екібастұзда кеніштегі экскаватор өртке оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуірде сағат 12:10-да «Богатырь Көмір» ЖШС «Северный» кенішінде №1106 роторлы экскаватордың жанғаны туралы хабарлама түсті. 

– Бұл экскаватор жөндеуде тұрған. Оны пайдалану мерзімі бойынша есептен шығару керек болатын. Өрттің алдын ала себебі – сымдардың қысқа тұйықталуы, – деді департаментте. 

Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының күшімен өрт сағат 13:40-та сөндірілді. Көмір өндіру штаттық режимде жүзеге асырылады.