Екібастұзда бесік арбалар шеруі өтеді

Екібастұзда бесік арбалар шеруі өтеді
Фото: pexels.com / Oleksandr P

Байқауға қатысушылар кез-келген технологияны пайдаланып, арбаларды әрлеуі керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы қалалық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Екібастұз «балалар қоры» 26 шілде күні «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің аумағында сағат 15:00-де «Бесік арбалар шеруі» қалалық байқауын жариялайды.

Байқауға 4 жасқа дейінгі балалары бар (ата-аналар және олардың туыстары) толық емес отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Қатысушыларға қолдау топтарын тартуға болады.

Байқауға қатысушылар арбаның қозғалысына кедергі келтірмейтін және басқаларға қауіп төндірмейтін кез келген технологияны және қосымша құрылғылар мен керек-жарақтарды пайдалана отырып, балалар арбасын (жазғы немесе қысқы нұсқа) әрлеуі керек, – дейді ұйымдастырушылар.

Қатысу үшін 20 шілдеге дейін 051272-72@mail.ru электронды поштасына өтінім жіберу керек. Қосымша сұрақтар үшін +7(701)523-52-41 (Татьяна Викторовна) нөміріне хабарласуға болады.