K-POP Павлодарда: Жастарды би кешіне шақырады
Орталықта аталған жанрдың жанкүйерлері жиналмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы dash.std би студиясымен бірлесіп, «K-POP RANDOM DANCE» би кешін ұйымдастырмақ.
– Егер сіз корей поп-музыкасын жақсы көретін болсаңыз және достарыңызбен сүйікті K-POP музыкаларына билегіңіз келсе, сіздерге есігіміз ашық, – дейді орталықта.
Кеш Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында 16 шілде күні сағат 17:00-де өтеді.