Павлодарда Наурыз мейрамын тойлау басталды
Қаланың шағын аудандарында ірі кәсіпорындар мен ұйымдар киіз үйлер құрды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дәстүрлі түрде қазақ ұлттық стилінде безендірілген киіз үйлердің жанындағы алаңдарда қала тұрғындары үшін концерт және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, спорттық жарыстар мен қолөнер бұйымдарының көрмелері өткізілді.
Қала маңындағы ауылдарда да осындай сәнді киіз үйлер орнатылды. Кенжекөл ауылында мереке дәстүр бойынша орталық алаңда ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары концертті тамашалап, ұлттық спорт ойындарына қатысты, мерекелік сауда-саттықтан да құр қалмады.
Павлодар ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін Роза Бағланова атындағы мәдениет үйінің жанында атап өтті. Мұнда да концерт, спорттық турнирлер, байқаулар, аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық, қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.
Осындай іс-шаралар Жетекші ауылы мен Атамекен кентінде де өтті.
Қаланың шағын аудандары мен ауылдық аймақтарда ұлттық стильдегі көрме киіз үйлері орнатылды. Төменгі шағын аудан мен мекенжайлар бойынша бір-бір киіз үйден тігілді:
- «Бірлік» ауылы – Усолка шағын ауданы;
- «Татулық» ауылы – Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университет;
- «Думан» ауылы – Торайғыров университеті;
- «Шаттық» ауылы – Инновациялық Еуразия университеті;
- «Ынтымақ» ауылы – Екінші Павлодар, Литвинов көшесіндегі сквер;
- «Жұрағат» ауылы – Толстой көшесі, 82;
- «Ырыс» ауылы – Орталық мәдениет және демалыс саябағы;
- «Көктем» ауылы – Жастар бастамаларын дамыту орталығы;
- «Қуаныш» ауылы – Гагарин саябағы;
- «Мереке» ауылы – Сұрағанов көшесі, 3;
- «Табыс» ауылы – Қамзин көшесі, 67/1 мекенжайы;
- «Молшылық» ауылы – Жаңаауыл шағын ауданы;
- «Бақыт» ауылы – Теміржолшылар шағын ауданы;
- «Жайлау» ауылы – Торговая көшесі, 2а мекенжайындағы «Jailau» базары;