Екібастұзда жеті жылу магистралі толық іске қосылды

Екібастұзда жеті жылу магистралі толық іске қосылды

ЖЭО-да екі қазандық толық жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс  әкімі Асайын Байханов сағат 18.30-да Екібастұзға жылу беру бойынша құрылған жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. 

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр. Жеті жылу магистралі (1, 3, 5, 7, 8, 10, 12) толығымен толтырылып, іске қосылды.

- Қаладағы 90 әлеуметтік нысанның 26-сына жылу берілді, түнге дейін тағы төрт нысан қосылады, - деді Асайын Байханов.

Аймақ басшысы жылу беру маусымын бастау бойынша жағдайды алдағы уақытта да өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі