Облыс әкімі Екібастұз ардагерлерін құттықтады

Облыс әкімі Екібастұз ардагерлерін құттықтады
Фото: Константин Шелков

Асайын Байханов 1 қазан күні кеншілер қаласының ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысы Екібастұздың құрметті азаматы, еңбек сіңірген педагог және еңбек ардагері Жеңіс Мейірманға барып шықты. Ол өзінің еңбек жолында көптеген марапаттарға ие болған: «Құрмет» ордені, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @pavlodar_region

Одан кейін Павлодар облысының Құрметті азаматы Қайрат Смағұловқа барды. Еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қайрат Хамитұлы 1999 жылдан 2005 жылға дейін Ақтоғай мен Железин ауданы және Екібастұз қаласының мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. 

Аймақ басшысы көмір өнеркәсібінің ардагері Анна Музычукке де барды. Еңбек майданының қатысушысы, тыл еңбеккері Анна Павловна 28 жылдан астам «Орталық» разрезінде еңбек еткен. 

– Бұл күн сіздерге - ақсақалдарымызға өңіріміздің дамуына қосқан үлестері мен көп жылдық адал еңбектері, тәжірибелері мен ақыл-кеңестері үшін жылы лебіздерімізді білдіруге тамаша мүмкіндік, - деді облыс әкімі. 

Өз кезегінде ақсақалдар назар аударғаны үшін алғыстарын білдіріп, барлығына бейбіт өмір тіледі.

Видео asaiyn.baikhan

Фото: Валерий Бугаев