Екібастұзда жеңіл автокөлік толығымен өртенді
Жол бойында тұрған көліктің панеліндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қараша күні сағат 16:55-те Царева-Пішембаев көшелері қиылысында Audi 80 маркалы көлігінің салоны 2,5 шаршы метр ауданында жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Көліктің панеліндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шықты. Өрт 13 минуттың ішінде сөндірілді. Залал анықталуда,– деді департаментте.
Дәл сол күні Павлодарда да өрт сөндірушілер шұғыл қоңырауға шықты.
– 18:00-де М. Жүсіп көшесі бойында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақыруға дереу өрт сөндірушілер жіберіліп, жеке үйдің шатырын 90 шаршы метр аумағында жедел түрде сөндірген,– деді департаментте.
3-ӨСБ 15 қызметкері және 4 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.