Павлодар ауданында оқушы қыз көз жұмды
Қайғылы жағдай Черноярка ауылында орын алған, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 маусым күні таңғы сағат бесте Черноярка ауылында кәмелетке толмаған қыздың асылып қалғаны туралы ақпарат түскен.
– Оқиға орнына ауыл фельдшері мен жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Дәрігерлер 16 жасар қыздың механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болғанын анықтады, – деді «103» баспасөз қызметінде.
Өңірлік полиция департаменті ҚР ҚК 105-бабының үшінші бөлігі – «өзіне-өзі қол жұмсау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.