Успен ауданында жол шетінде жатқан адамды көлік қағып кетті
Зардап шегуші оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 23 қаңтар күні Успен ауылындағы Гагарин – Чехов көшелерінің қиылысында «Газель» жүк көлігінің жүргізушісі жол шетінде жатқан адамды қағып кеткен. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қайтыс болған адам болжаммен мас болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде.