Павлодарда жағалауға көлікпен кірген жүргізуші жазаланды

Павлодарда жағалауға көлікпен кірген жүргізуші жазаланды

Автокөлікті қала тұрғыны ұялы телефонға түсіріп алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 2023 жылғы 28 наурызда сағат 13:00-де орын алған. 

Павлодар қаласының тұрғыны жағалауда серуендеп жүріп, төменгі жағалауға кірген автокөлікті байқаған. Әйел адам ереже бұзушылықты ұялы телефонға тіркеп, бейнежазбаны «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы жіберген. 

- Полицейлер «Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі қозғалысқа тыйым салынатын 3.2 жол белгісін елемегенін анықтады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деді департаментте. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында 1964 жүргізуші жол белгілеріне немесе жол үстіндегі жолақтарға қатысты талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)