«Ертістің» экс-қақпашысы Қазақстан футболын басқаруы мүмкін
Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Үміткерлер қатарында павлодарлық «Ертістің» аты аңызға айналған қақпашысы Давид Лория да бар. Қазіргі уақытта бұрынғы футболшы ҚФФ астаналық филиалын басқарады. Одан бөлек, тізімге ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров, ФИФА төрешісі Наргис Мағау, журналист және блогер Ербол Қайыров, «Оқжетпес» футбол клубының директоры Ерлан Жамантаев және KIFS компаниясының басшысы Алтай Даумов тізімге ілікті.
Футбол федерациясының басшысы лауазымы 2024 жылдың қарашасында бұрынғы президент Әдлет Барменқұлов күтпеген жерден қызметінен кеткен кезде бос қалды. Ол бұл қызметте 2022 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істеген.
Естеріңізге сала кетейік, Давид Лория 2010-2012 және 2015-2017 жылдары «Ертіс» сапында өнер көрсетіп, павлодарлықтардың сапында барлығы 150-ге жуық матч өткізген. Бес дүркін чемпиондар құрамында қақпашы ел чемпионатының күміс және екі рет қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында 46 матч өткізген.
Давид Лория 1999 жылы Нигерияда өткен әлем чемпионатында жастар құрамасының қақпасын қорғады. Біздің команданың жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысуы бүгінгі күнге дейін Қазақстан футболының ең жоғары жетістігі болып табылады.