Павлодарда тарихи футбол оқиғасы болды

Павлодарда тарихи футбол оқиғасы болды
Фото: «Ертіс» ФК

Жанкүйерлер бұл күнді бес жыл күткен еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Бірінші лигасының 24-турында «Ертіс» өз алаңында Алматының «Хан Тәңірі» командасын қабылдады. Қатысушылар қайғылы қазаға ұшыраған футболшы Виктория Қайсаринованы еске алып, матч бір минут үнсіздікпен басталды.

Кездесудің екінші минутында «Ертіс» футбол орталығының түлегі Тамерлан Ағыманов баспен соғып, есеп ашты. Бірақ павлодарлықтар басымдықты нығайтып, жеңімпазды жылдам анықтаудың орнына босаңсып қалды.

«Ертіс» командасының әр ойыншысы алаңда өзінің техникалық шеберлігі мен тапқырлығын көрсетуге тырысты. Алматылық команда бірте-бірте қысымын арттырып, ақыры Еркебұлан Тұңғышбаев соңғы матчтарда көп гол соққаны сонша, ол өз қақпасына да гол соғуды жөн көрген секілді.

Бірақ келесі шабуылда павлодарлықтар Асқар Сатышев соққан голы арқылы тағы да алға шықты. Бірінші тайм 2-1 есебімен аяқталды. Екінші таймда «Ертіс» қонақтарға еш мүмкіндік қалдырмай, бес жауапсыз гол соғып, 7:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңісімен «Ертіс» 2020 жылы қаржы мәселесіне байланысты орнынан айырылған Премьер-лигаға қайта оралды.

Ойыннан кейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов павлодарлық командамен кездесті. Облыс әкімі команданы жеңісімен құттықтады.

- Біз бұл сәтті көптен күттік. Біраз қобалжыдық Біздің ұзақ сапарымыз Екінші лигадан басталды. Бұл мыңдаған павлодарлықтар ұнататын клуб, бірақ біздің Қазақстан Премьер-Лигасына оралғанымызды көбі әлі жете түсіне алмай тұр. Бұған белсене атсалысқандардың барлығына рахмет. Осыдан үш жыл бұрын бұл клубты қайта жаңғырту батыл шешім болды, бірақ сәттілік батылдарды қолдайды. Енді бізге алтыншы жұлдыз керек, Құдай қаласа, болады, бірақ бұл оңай шаруа емес, - деді Асайын Байханов.

Команда алдында 17 және 24 қазанда «Алтай» Өскемен және Екібастұзға қарсы екі ойын бар.