ERG жұмыскерлері ең мықты футбол командасын анықтау үшін Ақсуда бас қосты
Оларға жеңіске жетуге ұйымшылдық пен топтық рух көмектесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы ЕRG құрамына кіретін кәсіпорындар арасында екі күндік футзалдан жарыс өткізілді. Дәстүрге айналған спорттық шараның биыл өзіндік ерекшелігі болды. Турнир бірнеше атаулы күндерге орай ұйымдастырылды: Ақсу электр станциясының 55 жылдығы және Энергетиктер күні. Егер бұрын жарыс тек облыстық кәсіпорындар арасында өтсе, биыл басқа қалалардан қонақтар шақырылды. Хромтау, Рудный, Шымкент, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан кеншілер, металлургтер, энергетиктер ең мықты команданы анықтау және өз кәсіпорынның беделін қорғау үшін Ақсуда бас қосты. Салтанатты ашылу рәсімінде «ЕЭК» АҚ бас директоры Дүйсен Мерғалиев ойыншыларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығын атап өтті.
–Мақсатымыз да, мүддеміз де бір. Басты құндылығымы – бірлігімізді көрсету керек. Шағын футбол жарысы – бізді біріктіретін жарқын оқиғаның бірі. Футбол командалық және спорттық рухты қалыптастырудың жақсы, қуатты құралы, – деп атап өтті Дүйсен Мерғалиев. – Менің ойымша, сіздердің ынта-жігерлеріңіз бұл турнирді біздің тарихымызда ұмытылмас оқиғаға айналдырады.
Ойын ережесі бойынша алаңға алты адам шығуы тиіс болды, яғни бес футболист пен қақпашы. Қалған қосымша бес ойыншы мен бір қақпашы алаңдағы футболшыларды ауыстыру үшін өз кезегін күтіп отырады. Әр тайм 20 минутқа созылады, арасындағы үзіліске бес минут беріледі.
Турнирда электр станциясы басшысының кубогы үшін сегіз команда өзара бақ сынасты. Жарыс жүйесі командалардың әрқайсысы барлық қарсылас командалармен ойнайтындай етіп құрылды. Ойын алаңына алғашқы болып «ЕЭК» АҚ мен «ERG Service» ЖШС шықты. Олардың бәсекелестігі жарқын болды. Ақсу электр станциясының ойыншылары алаңда өте қарқынды, шапшаң және икемді қабілеттерін таныта білді. Энергетиктердің ұйымшылдығы көзге көрініп тұрды. Екі таймның соңында Ақсу электр станциясының пайдасына қарай таблодағы есеп 7:1 көрсетті.
Команданың жаттықтырушысы және «ЕЭК» АҚ электр станциясы гидротехникалық құрылыстар цехының басшысы Максим Батовтың айтуынша, олар осындай нәтижеге нақты қойылған жоспармен шықты.
–Бірінші ойын өте жақсы өтті. Мен ойыншылардың алдына қойған барлық тапсырмалар орындалды. Нәтижесін айқын бақылауға болады. Әрине, қателер де болды, алайды онсыз ойын да жоқ. Мен команданың мүмкіндіктерін жоғары бағалаймын, – деді Максим Батов.
Үзіліс кезінде команда жиналып, жаттықтырушының нұсқауларын тыңдады. Бұрынғы кәсіби футзал футболшысы Максим Батов арнайы планшетте алаңның моделін көрсете отырып, ойыншыларға олардың әрекеттерін түсіндіріп, тактикалық схемаларды пысықтады.
Станцияның электромонтері Иван Вороной өзінің футбол қабілеттерін үш гол соғу арқылы дәлелдеп шықты. Оның айтуынша, турнир алдында энергетиктер үшін үш күнге оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып, оларды жұмыстан босатты.
–Ойын жақсы өтті. Бүкіл команда жақсы ойнап шықты. Оған тактикалық шабуылдар мен белсенді жаттығулар ықпал етті. Барлығы станция үшін барын салып жатыр, – дейді Иван Вороной.
Қазіргі электромонтер бала кезінен бері доп теуіп жүр. Оның айтуынша, электр станциясының футбол командасының құрамы өте жас – 20-дан 40 жасқа дейін.
ERG кәсіпорындарының командалары арасында алғаш рет өткізілген бұл турнир қорытындысы бойынша үшінші орында Хромтау қаласынан келген Қазхром, ДТКТК командасы алса, екінші орынды ЕЭК, «Шығыс» кеніші, ал жарыстың кубогы Қазхром, АқсФЗ командасына бұйырды. Сондай-ақ, дүбірлі додаға қатысқандардың арасынан ерекше көзге түсіп, арнайы аталымдарында келесі футболшылар марапатталды:
«Үздік қорғаушы»– Нұрсұлтан Ғабит, Қазхром, АқсФЗ
«Үздік шабуылшы»–Ақжол Хамза, Қазхром, ДТКТК
«Үздік қақпашы» – Александр Лобач, ЕЭК, «Шығыс» кеніші.
Фото: Болатбек Кәкім
Жарнамалық материал