Фируза Шәріпова ресейлік Илона Бондаренконы 13-секундта жеңді
Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова ММА ережесі бойынша үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол 29 сәуірде Алматыда өткен OCTAGON 44 турниріне қатысты. 28 жастағы Шәріпованың қарсыласы 22 жастағы ресейлік Илона Бондаренко болды.
Қазақстандық спортшы бұған дейін екі жекпе-жегінің алғашқы раундында-ақ жеңіске жеткен. Бұл жолы да Шәріпова бірден шабуылға шығып, қарсыласына бірнеше соққы жасап, кездесудің 13-секундында оны нокаутқа түсірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram