Сейсенбі күні Павлодардағы кейбір үйлерде су болмайды

Сейсенбі күні Павлодардағы кейбір үйлерде су болмайды

Су таңертеңнен түнге дейін болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар су арнасы» ЖШС мәлімдеуінше, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі құбырда кесу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2 сәуір күні сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін келесі мекенжайларда су болмайды:

  • М. Жүсіп көшесі, 2, 2/1;
  • Олжабай батыр көшесі, 43, 43/1;
  • Торайғыров көшесі, 52, 54.

Қаланың келесі аумақтарында су қысымы төмен болады:

  • Химқалашық шағын ауданында;
  • Олжабай батыр көшесінде;
  • Сормов көшесінде.

Суды үзу тұрғын үй инспекциясымен келісілген. 

Фото: ашық дереккөздерден