Президент 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Президент 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Еске сала кетейік, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко кенішінде 28 адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді.