Қазақтандағы су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есеп жарияланады

Қазақтандағы су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есеп жарияланады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұлттық есеп – бұл елдегі су қорының жай-күйі, оны қорғау және пайдалану бойынша өткен күнтізбелік жылға арналған талдау есебі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Су саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есепті жыл сайын өзінің ресми сайтында жариялап отырады. Бұл талап биыл сәуір айында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Су кодексінде көзделген.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар есеп беру үшін ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынуға міндетті. Ұлттық есептің өзі 1 мамырдан кешіктірілмей жарияланады. Бұл Қазақстандағы су ресурстарын басқару мен пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс. Су кодексінің өзі биыл 10 маусымда күшіне енеді. Сондықтан біз бұл есепті 2026 жылдан бастап жариялай бастаймыз, –  деді Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.

Ұлттық есепте негізгі өзендердің су мөлшері, су ресурстарының су шаруашылық бассейндері, өңірлер және экономика салалары бойынша пайдаланылуы жөнінде талдау, су шаруашылығы мен гидротехникалық құрылыстардың, оның ішінде мемлекетаралық құрылыстардың саны мен жағдайы туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ құжатта су қорын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар, инвестициялық жобаларды іске асыру және заманауи технологияларды енгізу туралы ақпараттар баяндалған.