Илья Теренченко: Парламент реформасы Қазақстан дамуына жаңа серпін береді
Павлодар облысы өкілдерінің бесінші Ұлттық құрылтайға қатысуы – маңызды оқиға, себебі қабылданған шешімдер елдің дамуына тікелей қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченконың айтуынша, бір палаталы партия құрамында жаңа талаптарға сай партия мүшелері болады.
– Партияларға неліктен үлкен көңіл бөлінеді? Себебі, бұл саяси құрымдар әрдайым конструктивті, жүйелі құжаттарға сай жұмыс істейді. Электоралды кезеңде негізгі тапсырмалар түзіліп, нақты жоспар құрылады. Ал сайлау үрдісінде оларды талаптар деп атаймыз. Олар сайлауалды бағдарламадан Жол картасына айналып, орындалады. Осылайша, халық депутаттар уәделерінің орындалуын бақылай алады, – дейді Илья Теренченко.
Енді Парламент құрамында 20 аймақ атынан 145 орын болады.
– Әр өңір атынан 4-6 өкіл болады. Бұл шешім дұрыс деп ойлаймын. Себебі, аймақ өкілдері әлеумет, спорт, өндіріс, кәсіпкерлік, ғылым салалары атынан қатысады. Яғни, құрамы әралуан, – дейді облыстық мәслихат төрағасы.
Осылайша бір палаталы Парламент алаңында қабылданған шешімдер өңірлердегі сайлаушылардың тілектеріне сәйкес келеді.
Илья Теренченконың айтуынша, қуатты парламенттік реформа Қазақстанға жаңа серпін береді. Бұл өңірлік деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейде де маңызды.
– Бұрынғы конституциялық өзгерістер мен бірмандатты округтерден сайланған депутаттар туралы айтсақ, қазір жаңа алаң ашылып отыр: уәде беретін партияны қоғам бақылайды. Ашық байланыс орнайды, – деп атап өтті Илья Теренченко.
Қуатты парламенттік реформа Қазақстан дамуына жаңа серпін береді. Бұл серпіліс нәтижесінде халық партиялардың жұмысын бақылап, ұсыныстарын тікелей жеткізе алады.