Павлодарда гидропоникалық әдіспен қызанақ өсірген оқушы жеңімпаз атанды
Қыздың ғылыми жобасы облыстық ғылыми-практикалық конференцияда үздік деп танылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Biogreen» экологиялық үйірмесінің тәрбиеленушісі Надежда Морозова «Менің Отаным – Қазақстан» ХХІІІ өңірлік ғылыми-практикалық конференциясында бірінші орын алды.
Надежда оқушылар сарайының заманауи жасыл технологиялар зертханасында қызанақты гидропоникалық (топырақсыз) өсіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол «Зерттеу жұмысы» секциясында «Қызанақ көшеттерін өсірудің заманауи әдістері» ғылыми жобасын қорғады.
– «Зерттеу жұмысы» секциясында бақылаулар, тәжірибелер, эксперименттер, зерттеулер нәтижелері бар жұмыстар көрсетілді, – дейді ғылыми жетекшісі Айгерім Оразбаева.
Конференцияға облыстың білім беру ұйымдарынан 210-нан астам дарынды бала қатысты.