Май аудандық мәдениет үйінің әдістемелік кабинеті үздік деп танылды
«Ең үздік әдістемелік кабинет» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының мәліметінше, іс-шара мекеменің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған.
– Байқау барысында мәдениет үйлерінің оқу-әдістемелік кабинеттерді жабдықталуы, әдістемелік іс-қағаздарды, құжаттарды дұрыс жүргізуі, шеберлік сағаттарын, семинарларды ұйымдастыру деңгейі бағаланды. Сонымен қатар, «Шаңырақ» орталығының бастамасымен қолға алынған «Креативті ауыл клубы» жобасының жүзеге асу сапасына мән берілді, – деді орталықта.
Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені Май аудандық мәдениет үйі жеңіп алды. Бірінші орын Баянауыл ауданына, екінші орын Майқайың кентіне, үшінші орын Тереңкөл ауданына бұйырды.
«Жаңашыл әдістемелік кабинет» номинациясы бойынша Ақтоғай ауданы марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ноутбук, принтер сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды.