Павлодарда «Өмір сүр» атты жаңа кітап жарық көрді

Павлодарда  «Өмір сүр» атты жаңа кітап жарық көрді
Фото: Есенжол Исабек

Кітап бес тараудан тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханың мәліметінше, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, журналист Амантай Тойшыбайұлының 60 жылдық мерейтойы аясында «Өмір сүр» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. 

Амантай Тойшыбайұлының ілгеріде жарық көрген «Адам бол» атты еңбегінің жалғасы болып табылатын терең мағыналы «Өмір сүр» атты екінші кітабы бес тараудан тұрады: «Өмір», «Махаббат», «Бақыт», «Жүрек», «Ақыл».

Шара барысында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Саяуыш Садуақасов сөз сөйлеп, Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Жолдас Бердімұратов, еңбек ардагері, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Махмет Демесінов және С.Торайғыров университетінің профессоры Серік Елікбаев кітаптың тұсауын кесті.

Айта кету керек, Амантай Тойшыбайұлы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің баспасөз хатшысы қызметін атқарады.