Павлодарлық тәртіп сақшылары күйлер орындады

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында облыстық полиция қызметкерлері рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, патриотизмді нығайтуға және жастар арасында ұлттық мәдени мұраны сақтауға ықпал ететін күйлерді орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Асылбеков аты аңызға айналған туындыларының бірі – «Балбырауын» күйін орындады. Бұл — Құрманғазының жастау кезінде шығарған күйлерінің бірі. О.Қабиғожин орындаған. Күй от жалындай қызу мен дүрілдеген екпінге, делебеңді қоздыратын жігерге толы. «Балбырауын» күйін 1936 жылы композитор Брусиловкий «Ер Тарғын» операсының финалында қырық кісі орындаған биге музыка етіп пайдаланды. Кейін өзінің «Сарыарқа» атты симфония-сюитасында «Скерцо» бөлімі етіп енгізді. 1938 жылы «Қайта туған Қазақстан» атты симфониясының «Скерцо» бөлімінде пайдаланған. Бүгіндері күйдің екі нұсқасы бар. Оркестрлерде бұл күй эндшпильде ойнатылады.
Павлодар қаласы полиция басқармасының кезекші инспекторы Қуаныш Әлжанов, Май ауданының учаскелік полиция инспекторы Мұхтар Дастан және Ертіс ауданының тергеушісі Ғалия Қадырбаева «Ерке сылқым» күйін ұсынды. Бұл – күйші Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған күйі. Ғашықтықтан туған күй көрікті де қылықты ару бозбаланың жары болмаса да, жүректегі сезімін қозғап, домбыраның шанағынан төгілген сазына айналған.
Жігіттің көз алдында құлпырып өскен көрші қызға көңілі құлайды. Бірақ сезімін білдіруге батылы жетпейді. Бозбала жүрек сөзін айта алмай жүргенде біреулер қызға құда түсіп келеді екен. Көңілі алабұртып, алай-дүлей болған ғашық жігіт не істерін білмей, «алып қашсам ба» деп бір ойлайды. Бірақ оған да жүрегі дауаламайды.
Ақыры сүйгені көз алдында кете барады. Сыртқа шыға алмаған, сүйген қызына сөз боп айтылмаған сезім күй болып дүниеге келеді. Сол күй – «Ерке сылқым».
Күйдің авторы Әбдімомын Желдібаев бір сөзінде кейіпкердің ажары таймаған ардақты әже екенін, соңғы рет кездескенде: «Саған деген махаббатымды бәрібір ешкім өшіре алмайды», дегенін айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram