«Need for Speed»: Павлодарда түнгі қуғын кезінде мас жүргізуші ұсталды
Құқық бұзушы жеке тұрғын үй секторындағы жол бойында полицейлерден қашқысы келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екі патрульдік көлік жүргізушінің артынан қуып жатқан сәті бейнеге түсіп, әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды. Қуғын кезінде полицейлер құқық бұзушының жолын кеспекші болғаны көрінді. Алайда жүргізуші патрульдік көліктерді айналып шығып қашпақшы болған уақытта, оның қозғалысын қиғаш жақтан келе жатқан басқа көлік бөгеді.
– Жүргізушіге қатысты көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді,– деді облыстық полиция департаментіде.
Бұл ретте желі қолданушылары бейнеге қатысты өз пікірлерін білдіруде:«Ақ жигули жүргізушісін полицияға алу керек», «GTA ойыннан 2 жұлдызша қоямын», «Форсаж жайымен қалды», «Қашпақшы болған жүргізуші не былықтырды екен».
Посмотреть эту публикацию в Instagram