12 қарашада Павлодар облысында күн бұлтты болады

12 қарашада Павлодар облысында күн бұлтты болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -4...-9°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігі, шығысы және орталығында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы -2...+3°C болады. Жауын-шашынсыз. Оңтүстікте, шығыста және облыс орталығында тұман сақталады.

Павлодарда түнде ауа температурасы -6...-8°C болады. Аспанды бұлт торлап, жауын-шашын болмайды. Тұман түседі.

Күндіз 0...+2°C. Аспанды бұлт торлап, жауын-шашынсыз болады. Тұман түседі.