Павлодарлықтар жүргізуші куәлігін алған кезде мед анықтама автоматты түрде тексеріледі

Павлодарлықтар жүргізуші куәлігін алған кезде мед анықтама автоматты түрде тексеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/е үлгісіндегі жалған медициналық анықтама ұсыну мүмкіндігін жояды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірді. 

– Енді азаматтарға «Жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алу кезінде медициналық анықтаманы қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Медициналық тексерудің нәтижесі автоматты түрде ИАЖ ХҚКО-ға келіп түседі, – деп жазылған хабарламада. 

Аталған бастама ауқымды цифрлық трансформацияның бір бөлігіне айналды және бұл мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Айта кету керек, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып ауыстырылған жағдайда медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Сондай-ақ, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтама ұсыну қажеттілігі жоқ.