Павлодарға ҚР Парламенті Сенатының депутаты іс-сапармен келді

Павлодарға ҚР Парламенті Сенатының депутаты іс-сапармен келді
Фото: Константин Шелков

Сенатор Ернұр Әйткенов апаттан зардап шеккен аудандарға барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының мәліметінше,   Ернұр Әйткенов мәслихат төрағасы Илья Теренченко, «AMANAT» партиясы өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова, облыстық мәслихат депутаттары Сандуғаш Қалижанова, Гүлмира Нұрханова және Болат Әменовпен бірге облыстың Тереңкөл ауданының Федоровка,  Железин ауданының Веселая Роща ауылының су тасқынына қарсы учаскелерінде болып қайтты.

Сондай-ақ, депутаттар зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, жағдайды бағалау мақсатында жергілікті тұрғындармен кездесті. 

Айта кетейік, гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік жиынтықтары жеткізілді.