Антикор Павлодар облысындағы туризм бағдарламасын формалды деп атады

Антикор Павлодар облысындағы туризм бағдарламасын формалды деп атады
Фото: өңірлік коммуникация қызметі

Көптеген жобалар кәсіпкерлердің бастамасымен жүзеге асуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Әсет Оспанов өңірде туризмді қаржыландыру жеткіліксіз екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Павлодар облысы республика бойынша 17-орында тұр.

Соңғы бес жылда туризмді дамытуға небәрі 111 миллион теңге бөлінген, оның басым бөлігі фестивальдер, көрмелер, экспозициялар және нақты нәтиже бермейтін басқа да науқандарға жұмсалған.

– Өңірімізде туризмді дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол 2028 жылға дейін қабылданған. Дегенмен, бұл бағдарлама мемлекеттік қаржыландыруға емес, негізінен кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған жобаларға негізделгендіктен формальды сипатқа ие, – деді Әсет Оспанов.

Оның айтуынша, облыста бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері де орын алып отыр. Бұл мәселе әкімшілер деңгейінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.