Ақсуда тұрғын үйлердегі жылу есептегіштері коммуналдық мекеме балансына өтеді

Ақсуда тұрғын үйлердегі жылу есептегіштері коммуналдық мекеме балансына өтеді
Константин Шелковтың фотосы

Бұл рәсім заңнамаға сәйкес тегін жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жылу есептеуіш құралдарын коммуналдық мекеме балансына қабылдау – тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты тиімді басқару мақсатында жүзеге асырылып отыр. Бұл процесс ҚР «Жылу энергетикасы туралы» Заңының 39-бабы, 10-тармағына сәйкес реттеледі. Рәсім ешқандай артық ақша жұмсалусыз тегін өтеді. 

– Есептегіштер балансқа өткеннен кейін олардың техникалық қызмет көрсету, тексеру және пайдалану жұмыстары толықтай біздің мекеменің жауапкершілігіне жүктеледі, – дейді «Теплосервис-Аксу» КМҚК өкілдері.

Көп пәтерлі тұрғын үй объектілерінің пәтерлердің меншік иелерінің кооперативі немесе мүлік иелерінің бірлестігінің өкілдері жылу есептегішті тапсыру үшін бірқатар құжаттардың түпнұсқасын дайындауы қажет: жылу торабын орнату жобасы, есептегіштің барлық бөліктерінің төлқұжаттары, соңғы тексеруден өткені туралы сертификаттар. 

Құжаттар тиісті жылу таратушы ұйыммен келісілген болуы шарт.

Аталған шара – тұрғындарға жүктемені азайтып, жылу жүйесін тиімді басқаруға жасалған нақты қадам. Барлық мәселелер бойынша тұрғындар 6-04-07 телефоны арқылы кеңес ала алады