Павлодар әкімі тұрғындардың мәселелеріне құлақ асты

Павлодар әкімі тұрғындардың мәселелеріне құлақ асты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Хасар Хабылбеков өтініш-тілектер бойынша қаланы аралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала басшысы өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, Минин көшесі, 38/2-үйдің тұрғындары сумен қамту жүйелерінде қысымның аздығына шағымданды. 

Тұрғын үй инспекциясы бөліміне мәселенің мән-жайын анықтауды тапсырдым. Бұдан бөлек, тұрғындар ауладағы ескі ойын алаңын бұзуды сұрады. Бұл жұмысты жүргізу үшін жалпы тұрғындардың 2/3 бөлігінің келісімі қажет, – дейді Хасар Хабылбеков.

Сонымен қатар, Қамзин көшесі, 6-үйдің тұрғындары пәтер иелері кооперативінің (ПИК) жұмысына шағымданды. Нәтижесінде апта соңында пәтер иелері, тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп, ПИК-ті қайта сайлау бойынша жалпы жиын өткізу туралы шешім қабылданды.

Қала әкімінің айтуынша, тұрғындардан «Instagram» желісіндегі жеке парақшаға келіп түскен бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)