Хасар Хабылбеков: Павлодардың ең үлкен байлығы – оның адамдары
Шаһар басшысы тұрғындарды Қала күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі құттықтауында Павлодардың өзі үшін туған жер, балалық шағы өткен қасиетті мекен екенін атап өтті. Сондай-ақ қаланың басты байлығы – еңбекқор әрі туған өлкесінің дамуына бейжай қарамайтын тұрғындары екенін жеткізді.
– Сіздердің адал еңбектеріңіз бен туған қалаға деген сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында Павлодар күннен-күнге көркейіп, заманауи әрі жайлы шаһарға айналып келеді, – деді Хасар Хабылбеков.
Қала басшысы Павлодардың дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматқа алғысын білдіріп, тұрғындарға зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, туған қаланың әрдайым гүлденіп, жетістіктерімен қуанта беруіне тілектестік білдірді.