Жол апаты: Павлодарда автобуста болған жүкті әйел жансақтауда жатыр
Қазіргі таңда жағдайы ауыр деп бағаланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1989 жылғы жүкті әйел жансақтау бөліміне жатқызылған. Бет сүйектері сынған.
– 1968 жылы туған әйел ми жарақатын алған. Сол жақ бет сүйегі сынған. Ол да жансақтау бөлімінде және жағдайы ауыр. Үшінші әйелді дәрігерлер қарап шыққаннан кейін амбулаторлық ем алуға үйге жіберілді. Көгерулер тіркелді. Бет сүйектері сынған, – дейді басқармада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 3 наурыз күні Малайсары батыр көшесінде үш көлік – МАЗ, автобус және Chery автокөлігі соқтығысқан. Салдарынан 11 бағыттағы автобустың жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Оқиға орнында медициналық апаттар орталығының мамандары жұмыс істеді.