Павлодар облысында қырыққабат қымбаттады
Облыстық статистика департаменті өңірдегі 2023 жылғы мамырдағы тұтыну бағаларының индексін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ведомсто ұсынған деректерге сұйенсек, көкөністер мен жемістердің ішінде қырыққабат бағасы 28,5%-ға, пияз – 14,2%-ға, қызылша – 11%-ға, сәбіз – 5,1%-ға, банан 1,2%-ға қымбаттады.
Азық-түлік тауарлары тобында нан өнімдері мен жарма бағасының 0,5%-ға, оның ішінде күріш 1,8%-ға, макарон өнімдері – 0,4%-ға өскен.
– Қышқыл сүт өнімдері бағасы – 1%-ға, сүт өнімдері – 0,8%-ға, жұмыртқаның бағасы – 3,1%-ға, күнбағыс майы 1,4%-ға төмендеді. Азық-түлік емес тауарлары бойынша жуғыш және тазалағыш құралдар – бағасы 1,5%-ға, киім және аяқ киімдері – 1%-ға қымбаттады, бұл ретте тұрмыстық приборларының бағасы – 0,9%-ға, фармацевтикалық өнімдері 0,2%-ға арзандады, – деп жазылған хабарламада.
Ақылы қызметтер көрсету саласында монша қызметтері бағасы 5,7%-ға, шипажай қызметтері – 1,4%-ға, көлік қызметтерінің бағасы – 0,7%-ға, шаштараз қызметтері 0,4%-ға қымбаттады.