Павлодар облысында үшінші елдерден алма әкелуге тыйым салынды
Шектеу 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, үшінші елдерден алма әкелуге тыйым салынды.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алманың халықаралық транзитін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге тыйым салынды.