Павлодар облысында кәсіпкерлер саны артты

Павлодар облысында кәсіпкерлер саны артты
Фото: Константин Шелков

Жүзден астам адам шағын және орта бизнеспен айналысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін азаматтар саны артты. Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, 11 айдың қорытындысы бойынша өңірде 57 649 кәсіпкерлік нысан тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызға көп.

Оның ішінде 40 569 – жеке кәсіпкерлер, 11 652 – шағын кәсіпкерлік субъектілері. Сонымен қатар, 5 314 фермерлік немесе шаруашылық нысандары және 114 орта кәсіпорын есепке алынған.

Облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері биыл алты айда 914 миллиард теңгеден астам тауар өндіріп, қызмет көрсеткен. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға жоғары.

Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік  саласында 140,2 мың адам жұмыс істейді. 

Айта кетейік, кәсіпкерлер санының өсуі өңірдің экономикасының дамуын көрсетіп, жұмыс орындарын құру мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.