Павлодар облысында 120 авариялық ажырату тіркелді
Қатты жел жұмысты қиындатып, тұрғындарға электр желілері маңында сақ болу туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
6 қараша күні таңғы сағат 6:00-ден 7 қараша сағат 15:00-ге дейін өңір бойынша «Павлодар ЭТК» АҚ қызметкерлері 120 авариялық ажыратуды тіркеді. Сағат 15:00-дегі мәліметтерге сәйкес, олардың 69-ы қалпына келтірілді. Үш жерде тұтынушылар басқа электр қуаты көздеріне қайта қосылды.
– Электр желілеріндегі апатты қалпына келтіру жұмыстарына «Павлодарская ЭТК» АҚ-ның 190 маманынан құралған 68 бригада және 62 техника бірлігі жұмылдырылды. Алайда, жұмыс барысына қатты дауылды жел кедергі келтіруде, – деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз орталығында.
Ведомство қала тұрғындарынан ауа райының қолайсыздығына байланысты электр желілерінің маңында абай болуды сұрап, электр қондырғылары мен бағаналарға жақындамауға кеңес береді. Егер желіде ақау байқалса, сымдарға жақындауға болмайды – бұл қауіпті.
Компания тұрғындардан ақаулар туралы дереу +7(7182)61-06-06, +7(7182)61-38-38 нөмірлеріне немесе «ПЭТК» АҚ аудандық бөлімшесіне хабарлауды сұрайды.