Павлодардың бірқатар әлеуметтік нысандары жарықсыз қалады

Павлодардың бірқатар әлеуметтік нысандары жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілде күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады:

  • Ак. Сәтбаев көшесі, 13 – №5 бөбекжай-бақша, 17/1 – «Лингва» мектеп-балабақша оқу тәрбие кешені;
  • Торайғыров көшесі, 65 – «Бегемотик» ойыншықтар дүкені, 65а – «Хижина» гриль-бары;
  • Генерал Дүйсенов көшесі, 8 – «Авангард» сұлулық салоны, 10 – азық-түлік дүкені, 12 – «Престиж» сұлулық салоны.