Павлодар облысында 160 млн теңгеден астам қаражаттың шығынына жол берілмеді
Кәсіпкерлер алдында міндеттемелер қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, ведомство «Бизнеске жол» жобасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 167 млн теңге шығынның алдын алды.
Мемлекеттік сатып алу шарты шеңберінде 13 квазимемлекеттік сектор субъектісінің кәсіпкерлері алдындағы міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілді.
Кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері болған жағдайда, сондай-ақ кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар тарапынан тыйым салу-шектеу сипатындағы өзге де шараларды қабылдау мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне (Павлодар қ., Қамзин к-сі, 37) және 8 777 493 22 85 WhatsApp нөміріне жүгінуге болады.