Тегін кеңес: Павлодар облысының барлық емханалары ашық есік күнін өткізеді

Тегін кеңес: Павлодар облысының барлық емханалары ашық есік күнін өткізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақ халаттылар шалғай жатқан ауылдарға көшпелі тексеріске шығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

26 мамырда облыстың барлық медициналық ұйымында дәрігерлердің тегін кеңесімен Ашық есік күндері өтеді. Дәрігерлер емханаларда да, стоматологияда да, соның ішінде жеке секторда да кеңес береді.

– Шалғайдағы ауылдардың балаларына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл күні ауылдық елді мекендерге педиатрлар мен басқа да мамандарымен бірге көшпелі тексеру ұйымдастырылады, – деді Павлодар облысы денсаулық сақтаудың штаттан тыс бас педиатры Ирина Орсагош. 

Ата-аналар, балалар мен жасөспірімдер үшін мастер-класстар, тренингтер мен дәрістер дайындалды: жүктілікті жоспарлау, гигиена, дұрыс тамақтану, балалар жарақатының алдын алу. 

Ал, 24 мамырда Павлодар қалалық бақшасында сағат 10:00-де жылжымалы шатырларды орнатылып, ата-аналар үшін консультациялар жүргізіліп, балалардың бойы мен салмағын өлшеу акциясы өткізіледі.

Сондай-ақ, балаларға арналған шығармашылық іс-шаралар-сурет байқаулары, ойын старттары, стационарларда дене шынықтыру минуттары ұйымдастырылды.